Күнгейде сабантой тойланды

605

Көктемгі егіс жұмыстары аяқталды. Ал бұл кезде татар халқы сабантой мерекесін атап өтуді ұмытқан жоқ. Әдеттегідей, «Абай» саябағына жиналған татар-башқұрт этно-мәдени орталыңының өкілдері мерекені арқа-жарқа тойлады.

Ұлттық тағамдары шақ-шақ пен қытырлақ тәттілері дастарханның сәнін кіргізсе, ет тартулары да меймандардың алдына ұсынылды. Сабантойдан сарқыт жеу үшін ағылған ағайынның да қарасы қалың. Сондай -ақ, ұлттық би өнері мен шарықтаған халық әнері орындалып, мейрамның мерейін асырды.

Ася Мухамедова
Ася Мухамедова

Ася Мухамедова, облыстық татар-башқұрт этно-мәдени орталығының төрайымы: «Ертеректе сабантойдың жастар бір-бірімен жақынырақ танысу үшін де мәні болған, қазір де солай. Анығырақ айтсам, мереке – әрбір адамның өмірін өзгертіп, қуаныш сыйлайтын той. Сонау ғасырлардан бастау алған дәстүрлі мейрам баршамызға құт-береке әкелсін. Тарихи тойдың ғұмыры ұзақ болғай. Алдымен Елбасы Н.Назарбаевқа алғысым шексіз! Достықтың шаңырағын биік қойып, Қазақстанның болашағы жарықн болуын бүгіннен бастап қалап жатыр».

Әжелер де шақ-шақтың дәміне тәнті болды
Әжелер де шақ-шақтың дәміне тәнті болды

13

Мерекелік көрме-жәрмеңке
Мерекелік көрме-жәрмеңке

Байрақ, күрес, дорбамен ұрысу сынды ойындары да тойдың төрінде ойналып, шын жүйрікті, кіл мықтыны анықтады. Осылайша, жаздың алғашқы жексенбісінде тойланатын мерекеге атсалысқандар көп болды. Келген көпшілік суреттер көрмесі мен тәтті шақ-шақтарға тәнті болып жүргенін байқауға болады.Айта өтетін ақпар, Өңірімзде 1991 жылдан бері жұмыс жасайтын мәдени орталық өз ұлттық болмысын жоғалпақ емес. Және бүгінде күнгейде 19 мыңға тарта татар-башқұрт ұлтының өкілі өмір сүреді.