Шардарадағы колледж жатақханасы жаңарады

784
Шардарадағы колледж жатақханасы жаңарады

Техникалық маман иелеріне сұраныс басым. Оларды дайындаудан бастап, жұмысқа орналасуына дейін мемлекет өз міндетіне алған. Шардарада өткен ғасырдың 70-жылдарынан бері келе жатқан көпсалалы кәсіптік колледж бар. Нысан ғимараты ескі болғандықтан, бюджеттен қаржы бөлініп, студенттерге арналған жатақхана қайта жөндеуден өтіп жатыр.

Шардарадағы колледж жатақханасы жаңарады

Зәкірхан Талбидин, Шардара қаласындағы №16 колледждің директоры: «Қаржыны игеріп жатырмыз. 420 бала жатақханада орынмен қамтылса, 16 жас отбасыға 2-3 бөлмелі пәтер береміз.»

Жатақхана құрылысының барысымен танысқан халық қалаулылары енді оны жабдықтауға қаржы қарастырмақ. Айта кетейік, № 16 колледжде балық саласы, агро-өнеркісіптік кешен және мақта өндірісіне қажетті сала мамандарын дайындалады. Соңғы уақытта аспаз, дәнекерлеуші және тігінші мамандықтары бойынша да маман оқытылуда. Бұл мамандықтар әсіресе, қыздар арасында жоғары сұранысқа ие.

Шардарадағы колледж жатақханасы жаңарады

Бір қуантарлығы, колледжді тәмамдаған түлектердің барлығы екі қолға бір күрек табады. Былтыр білім ордасын бітірушілердің 95 пайызы жұмыспен қамтылған. Биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспары бар.