Елде шомылу маусымы ашылғалы талапқа сай келмейтін орындар көбейген. Қала әкімдігінің құтқару қызметі мамандары осындай тұжырымға келіп отыр. Арнайы рейд жұмыстарын жүргізген жауаптылар демалушылардың қауіпсіздігін ойламағандарды жауапқа тартты.
Мамандардың мәлімдеуінше, шомылуға келгендердің түрлі оқыс оқиғалардан құтқару шаралары қаралмаған. Ал суға кеткендердің құтқаратын мамандары да жоқтың қасы. Абай ауданы бойынша төрт бірдей демалыс орындарын тексеріп шыққан комисия кәсіпкерлерге ескерту парақшаларын тарқатып, құтқару саймандарын түгендеуді тапсырды.