Теріскейде 50 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы басталды

517

Созақ ауданында 50 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Кесте бойынша желтоқсан айында пайдалануға берілуі тиіс бұл баспаланалар бірер айға ерте тапсырылады деп күтілуде. Шілде айынан бастап оншақты үйден үлестіріле бастайтын зәулім нысандар мұқтаж жандарға салтанатты жағдайда үлестіріледі.

Бүгіннің өзінде жұмысты 60 пайызға тас түйін тындырып тастаған жұмысшылар бар үйдің іргетасын құйып қойған. 40 үйдің қабырғасы қаланып, 30 үйдің шатыры жабылған. Құрылысшылар баспаналарды салып біткенше ауызсудың құрылысын да аяқтап, жолды да жөндеп береміз деп құлшынып отыр.

Жергілікті билік өкілдері он үйді мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік баспана ретінде тапсырылады дейді. Ал қалғаны әр санат бойынша кезекте тұрған азаматтарға тиесілі. Заманауи талапқа сай бой көтерген 5 бөлмелінің үшеуі жатын бөлме. Одан бөлек кең қонақ бөлмесі мен ас үйі бар.

Қаз-қатар қонған бірегей баспаналар ұзын сонар бір көшені алып жатыр. Келер жылға дейін пайдалануға берілуі тиіс бұл нысандарды мердігерлер мерзімінен бұрынтапсырамыз дейді.