Абай болыңыз: алаяқтар!

223
Р.Ж.Сердалиеваға алаяқтық жасауға оқталу дерегі бойынша ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі, 177-бабы 4-бөлігінің "б" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шымкент қаласының әкімдігі мен полиция қызметі қала тұрғындарын жер телімдеріне қатысты алаяқтық әрекеттерден абай болуға шақырады. Оңай жолмен олжа табуды көздегендер жер теліміне кезекте тұрған жандарға тез арада кезексіз жер бере алатынын айтып, бұл қызметі үшін қомақты қаржы сұрауды кәсібіне айналдырған.

Р.Ж.Сердалиеваға алаяқтық жасауға оқталу дерегі бойынша ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі, 177-бабы 4-бөлігінің "б" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мәселен, қала тұрғыны Умида Мақсұтова белгісіз екі әйелдің кезексіз жер телімін беру үшін 300 мың теңге сұрағанын айтады. Азаматша сол мезетте ол Әл Фараби полиция бөліміне хабарласыпты.

Соның нәтижесінде жедел тергеу тобы Шымкент қаласының 35 жастағы тұрғыны Р мен 29 жасар Н есімді азаматшаларды қолға түсірді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық полиция қызметі кімде-кім осындай күмәнді әрекеттерге кез болса, полиция бөлімінің 102 немесе 8-775-959-97-98 ұялы телефон нөміріне хабарласуын сұранады.