Шымкенттегі «Москва» түнгі клубында болған атысқа байланысты сот басталды. Бұл іс аса ауыр қылмысты істерді қарайтын мамандандырылған сотқа келіп түсті.
Еске салайық, түнгі клубтағы жастардың арасындағы ерегіс төбелеске ұласып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. 21 жастағы Ильхам Алиев алған дене жарақатынан қаза тапқан еді. Оны өлтірді деген күдікпен екі жігіт сот залына жеткізілді.
Істің дау-дамайы басым болғандықтан, алқабилер де араласуда. Клубқа қару әкелген 24 жастағы күдікті Әлпейісов тергеу кезінде қамауда отырған. Ал екінші күдікті бұзақылық әрекеті үшін айыпталып жатыр. Ұзақ тергелген істі судья Самиддин Теміралиев қарауда.