Отгонцэцэг Қазақстанның алғашқы медалін әперді

176
Фото: //azattyq.org

Қазақстанның Рио Олимпиадасындағы алғашқы медалін Оңтүстіктің спортшысы әперді. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Фото: //azattyq.org
Фото: //azattyq.org

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан олимпиада ойындарында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль иеленді. Ол алғашқы айналымда Такиана Лиманы (Гвинея-Бисау) жеңгенімен, ширек финалда жапониялық Ами Кондодан ұтылып қалды.

Ал үшінші орынға таласта Отгонцэцэг 2012 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері венгриялық Эва Черновскиді және кубалық Даиарис Альваресті жеңді. Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанға 2012 жылы Моңғолиядан келген. Ол бұған дейін Азия чемпионатына Қазақстан атынан қатысып, алтын медаль жеңіп алған.

Айта кету керек, бұл – Қазақстанның Рио олимпиадасындағы алғашқы медалі.