Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталды

373
Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің ұйытқы болуымен республикалық және облыстық журналистерге Қазығұрт ауданындағы «Аманкелді» ЖШС-на пресс-тур ұйымдастырылды. Онда тілшілер шаруа қожалығындағы жүзім алқабы мен бау шаруашылығымен танысып, ондағы жұмысшылармен сұхбаттасты.

Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталды

Бүгінде дихандар 150 гектар алқапқа егілген жүзімнің күздік өнімін жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізде. Осы күнге дейін жиналған өнімнің 150 тоннасы Ресейге жөнелтілсе, басқа жемістердің 100 тоннасы шетелге экспортталған. Күздік жиын-терім қызу жүріп жатқан шаруа қожалықта бүгінде 150 тонна жүзім, 100 тонна алма, 80 тонна қара өрік пен 80 тонна алмұрт жиналған. Жиналған өнімдер күнде саудалануда.

Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталды

Жалпы, ауданда 2266 гектар алқапқа бау-бақша өнімі егілсе, оның 500 гектары осы серіктестікке тиесілі. Мұнан бөлек шаруашылықта 2 мың тонналық жеміс-жидек пен көкөніс сақтайтын мұздатқыш қоймасы бар. Бүгінде Нұрлан Құралов басшылық етіп отырған «Аманкелді» ЖШС-не 3800 азамат маусымдық және тұрақты жұмысқа орналасқан.

Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталды