«Айгөлек» балалар ансамблі Испанияда жеңіске жетті

493
«Айгөлек» балалар ансамблі Испанияда жеңіске жетті

Шымкенттегі хореографиялық «Айгөлек» балалар ансамблі Испанияның Ллоретт дел Мар қаласында «Musica del Mar» – «Теңіз әуені» халықаралық фестиваль-байқауына қатысып, гран-при кубогын жеңіп алды. Жас таланттар бұған қоса «Үздік хореография», «Көрермен көзайымы» дипломдарын иеленді, деп хабарлайды Шымкент әкімінің баспасөз қызметі.

«Айгөлек» балалар ансамблі Испанияда жеңіске жетті

Бимен қатар ансамбль мүшелері халық аспаптарында орындаушылық және вокал бойынша өз өнерлерін көрсетті. Осыған орай қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Айгөлек» ансамблін қабылдады.

«Айгөлек» балалар ансамблі Испанияда жеңіске жетті

Бишілерді Қазақ өнерін шет елдерде насихаттауға қосқан үлесі және халықаралық фестивальдегі жеңісімен құттықтаған шаһар басшысы шығармашылық ұжымның алдағы еңбек жолына табыс тіледі. Кездесуге Оқушылар сарайының директоры Н.Романова, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Р.Каланова және 17 ансамбль мүшесі қатысты.

«Айгөлек» балалар ансамблі Испанияда жеңіске жетті

Айта кету керек, «Айгөлек» балалар би ансамблі 1943 жылы құрылған. Ансамбльдің негізін қалаған – Цандекова А.Л. 1975 жылдан бері Р.Каланова ансамбльдің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді.

«Айгөлек» балалар ансамблі Испанияда жеңіске жетті

Бүгінгі таңда ансамбль 4-17 жас аралығындағы 200-ге жуық өнерлі өреннің талантын ашуға ықпал етіп отыр.

«Айгөлек» балалар ансамблі Испанияда жеңіске жетті

Анықтама: «Айгөлек» ансамблі – республикадағы ең байырғы шығармашылық ұжымдардың бірі. 1973 жылы ансамбль халықтық атағын, 1982 жылы Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атағын иеленді. 2000-2016 жылдары Орта Азия және Еуропа елдерінде халықаралық фестивальдерге қатысып, гран-при және түрлі жүлделер иесі болған.