Оңтүстік өнімдерінің каталогы жарыққа шықты

387
Оңтүстік өнімдерінің каталогы жарыққа шықты

Шымкентте «Оңтүстік өнімдері» ақпараттық кітапшасы жарыққа шықты. Каталогты облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығы таныстырды.

«Оңтүстік өнімдері» ақпараттық кітапшасында облысымыздағы тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, құрылыс өнеркәсіптерімен айналысатын 250 компания туралы барлық ақпарат жинақталған. Мұнда өңірдегі компаниялардың салалық бағыты, орналасқан мекенжайы мен байланыс телефондары және т.б. ақпараттар енгізілген.

Оңтүстік өнімдерінің каталогы жарыққа шықты

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 187 мыңнан астам компания, 11 мыңға жуық жеке кәсіпкер бар. Бұл сан облысымызда экономикалық белсенділікің жоғары екенін аңғартып қана қоймай, азаматтардың еліміздің экономикасын дамытуға ынтасы зор екенін дәлелдейді.

Оңтүстік өнімдерінің каталогы жарыққа шықты

Бұл ақпараттық каталог қарапайым азаматтан білікті кәсіпкерге дейін қажет болары сөзсіз. Мұндағы жиналған мағлұматтар Оңтұстік Қазақстан облысындағы тауар өндіретін кәсіпкерлермен танысып, салалық бағытына қарай бағасын беріп, сондай-ақ, кәсіпкерлерге өз бизнесін әрі қарай жандандыру жолында жаңа серіктес табуға ықпал етеді.

Осы тұста жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету, олардың отандық нарықта өз орнын қалыптастыру жолында ОҚО кәсіпкерлер палатасы бірқатар жұмыстар атқаруда.

Оңтүстік өнімдерінің каталогы жарыққа шықты

– Өңірлік кәсіпкерлерді ақпараттық қолдау да өте маңызды. Аталмыш кітапшаны басып шығару кәсіпкерлерді кезекті қолдау деп ұққан жөн,-дейді ОҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров. – «Оңтүстік өнімдері» ақпараттық кітапшасы – уақыт сұранысына сай туған дүние. Бұл каталогтан кез келген азамат расталған ақпарат арқылы отандық тауар өндірушілермен таныса алады.

Жауапты мамандар бұл басылым облыстағы кәсіпкерлер туралы ақпарат беретін таптырмас ақпарат көзі болып, өз кәсібіңізде сізге ақпараттық зор көмек болады деп сенеді.