Оңтүстікте 1 шілдеде жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

219
Оңтүстікте 1 шілдеде жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

Оңтүстік Қазақстан облысында із-түссіз жоғалған баланың мәйіті табылды. Төлебилік жасөсөпірімнің жоғалғаны туралы оның ата-анасы 1 шілдеде құтқарушыларға хабарлаған. Айтуларынша, 12 жасар балалары Қасқасу ауылы, Сайрам су өзені аумағында ізім-ғайып кеткен.

Оңтүстікте 1 шілдеде жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

Құтқарушылар тобы 1 мен 5 шілде аралығында 200 шақырым өзен бойын іздеп, баланы таппаған. Өйткені өзеннің қатты ағысы іздестіру жұмыстарына кедергі келтірген.

Оңтүстікте 1 шілдеде жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

Ал ұлын өлімге қимаған анасы осы уақыт ішінде үмітін үзбегенін айтады. Нұрдәулет отбасында алты баланың екіншісі. Алайда ауыл-аймақ, еріктілер тобы да жүмыстарын тоқтатпады. Қайта іздестіру шарасы кезінде баланың өлі денесі жоғалған орыннан 17 шақырым қашықтықта табылып отыр…