Оңтүстікте дизельді отынның бағасы тағы да қымбаттады. Бүгінге дейін бөлшек саудада литрі 125 теңгеден сатылған жағармайдың бағасы 133 теңгеге дейін жеткен.
Осылайша бұл сұйық отының қазіргі бағасы АИ-92 маркалы бензиннен де қымбат болып тұр. Қазір жанар-жағармай бекеттерінде дизель тапшылығы байқалмайды. Ал бұл өнімнің қымбаттауы туралы әзірге ресми ақпарат шыққан жоқ. Жауаптылар сұйық отынның бағасының өсуі туралы мәлімет таратуға асығар емес.