Азық-түлік бағасы  көтеріліп жатыр. Әсіресе қырыққабат бір аптада 4,5, жұмыртқа құны 1,6 пайызға өскен.

Өңірлер бойынша айтсақ, қымбатшылық Алматыны жайлап тұр. Атырауда да жұмыртқа бағасы 27 пайызға өсті. Тіпті елімізде оның данасы 70 теңгеге дейін жетуі мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Өйткені, келер жылдан бастап әр жұмыртқаға 3 теңгеден берілетін субсидия алынып тасталуы мүмкін.

Азық-түлік бағасының бұлай тоқсаусыз өсуі инфляцияға да кері әсерін тигізді. Өткен айда ол 8,9 пайызға жеткен еді. Сондықтан, әкімдіктерге әлеуметтік тауарлардың бағасын реттеу үшін қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Шынар Оразова