ОҚО бокс федерациясы «Отырар TV» холдингінің жетекшісіне кубок сыйлады

435
ОҚО бокс федерациясы

Оңтүстік Қазақстан облысының бокс федерациясының мамандары «Отырар TV» холдингінің жетекшісі Валентина Куликованы өз кәсібіне адал басшы ретінде марапаттады. Халықаралық турнирге жиналған төрешілердің қатысуымен өткен жиында Валентина Куприяновна «Жеңістер үшін» атаулы кубогына ие болды.

ОҚО бокс федерациясы "Отырар TV" холдингінің жетекшісіне кубок сыйлады

Бұл марапат медиахолдинг басшысына облыстың бокс федерациясы мен жалпы өңірдегі спорттық шараларды насихаттап, көрермен мен оқырманды хабардар етуде арнайы бағдарламалар ашып, жария етуге қосқан үлесі үшін берілді. Марапатты спорт төрешісі Наталья Цой табыстады. Ол – жақында Риода өткен Олимпиадада боксшылардың ойындарына төрелік еткен полиция капитаны.