Оңтүстікте туристердің шатырлы қалашығы салынады

601
Оңтүстікте туристердің шатырлы қалашығы салынады

Оңтүстікте туристердің шатырлы қалашығы салынады. Мұндай келісімге «Ontustik Tourism-2016» халықаралық туристік форумы барысында қол жетті, деп жазады облыс әкімдігінің ресми сайты. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында салынатын «Эко Кэмпинг» жобасының құрылысы келер жылы басталады.

Халыққа қолжетімді бағада ұсынылатын шатырлы қалашық туристке қажетті барлық жабдықтармен қамтылатын болады. Ерекше айта кететін жайт, мұндағы жарықтандыру күн батареялары есебінен жүзеге асады.

Оңтүстікте туристердің шатырлы қалашығы салынады

Оңтүстіктің туристік әлеуеті мен тау туризмін және альпинизмді дамыту мақсатында қолға алынған жобаны Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Ontustik» альпинизм федерациясы бірге іске асырмақ.

Сонымен қатар туристік форум аясында бірқатар шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында 7 меморандумға қол қойылды. Олар – Сарыағашта жаңа курорт қалашығын салу, туризм мектебін құру жəне халықаралық автодəліз бойында қызмет көрсететін бірқатар нысандарды салу секілді жобалар. Сондай-ақ, өңірге инвестиция тарту бағытында бірқатар келісімдер жасалды.

Айта кетейік, «Оңтүстік туризм» форумы аясында 7 қазан күні ақпараттық турлар басталды. Ауқымды іс-шараға келген 300-ге жуық қонақ таңертеңнен Ақсу-Жабағылы қорығына аттанды. Арасында «Отырар» медиахолдингінің тілшілері де бар.

Бүгінгі таңда белгілі болғаны – жыл басынан бері Ақсу-Жабағылыда ешқандай браконьер кездеспеген. Қорық басшылары осылай дейді. Тек саңырауқұлақ теріп жүріп, қорық аумағына кездейсоқ кіріп кеткен 6 адам болыпты. Бір қызығы, қорыққа бұл жолы негізінен Қазақстанның өзге қалаларынан келген қонақтар қызығушылық танытты. Ал шетелдік делегация Түркістанға аттанды.