Сайрам ауданында етті өңдеу ісі жолға қойылмаған

312
Сайрам ауданында етті өңдеу ісі жолға қойылмаған

Еліміздің басым бөлігін етпен қамтып отырған Сайрам ауданында етті өңдеу ісі жолға қойылмаған. Тәуелсіздік жылдары атқарылған істерді сараптаған аудан әкімі Самат Сапарбев осылай деді. Шешімін күткен түйткілдер де аз емес. Дегенмен, сансыз баптар мекенінде осы уақыт аралығында тындырылған өзге де істер бар.

Сайрам ауданында етті өңдеу ісі жолға қойылмаған

Сайрам ауданында жыл сайын 20 мың тоннадан астам ет өндіріледі. Алайда, ел аумағының басым бөлігін, тіпті, алыс-жақын шетелді осы өніммен қамтып отырған шаруалар әзірге етті шикідей сатудан әрі аса алмай отыр. Әлеуетті ауданда әзірге ет өнімін өңдеуде нақты жобалардың жоқтың қасы.

Алдағы екі-үш жылдың көлемінде Сайрамдағы кейбір мектептер үш ауысымда бала оқытуға мәжбүр болуы мүмкін. Себебі, халық санының өсу қарқыны жоғары. Мәселен, былтыр ауданда 1,5 мың оқушы мектеппен қоштасса, 2,5 мың бала бірінші сыныпқа келді.

Осындай түйткілдер талқыланған жиында тәуелсіздік жылдары атқарылған істер де тізбектелді. Әлбетте, сансыз баптар мектенінде атқаралған шаруа көлемі ауқымды. Коммуналды мәселелер де кезең-кезеңімен шешіліп келеді дейді әкім. Кәсіпкерлікке бейім өңірде бизнес дамып, ауыл шаруашылығы саласы, қайта өңдеу өнеркәсібі өркендеп, ауданның экономикалық әлеуеті артып отыр.