Шымкент қаласы әкімдігінің бөлімдері жаңа мекенжайға көшуде. Мамандар енді қалалық әкімдіктің бұрынғы ғимаратында жұмыс істейтін болады.
Тыныбев көшесіндегі іргетасы 1950 жылдары қаланған №49 үй қайта жөнделді. Құрылыс 2015 жылдың қыркүйек айында басталып, 2016 жылы мамыр айында аяқталды. Осы уақыт аралығында «Южная» ЖШС-гі 500 млн теңгені игеріпті.
Бұрын қала әкімі аппаратының ғимараты болған нысанға бүгінде Әл Фараби ауданы әкімінің аппараты, қалалық білім бөлімі және қалалық жолаушылар көлігі және АЖ бөлімі орналасатын болады. Үш мекемеде көшу жұмыстары жүріп жатыр.
Нұрлан Жаңабай