Ордабасы ауданында бейнекамера көмегімен 880 заң бұзушылық ашылды

240
Созақтағы жедел басқару орталығы
Созақтағы жедел басқару орталығы
Жедел басқару орталығы

Ордабасы ауданында жыл басынан бері сыртқы бақылау камераларының көмегімен 900-ге жуық құқық бұзушылық анықталды. Тәртіп сақшылары берген мәлімет осындай.

Аудандық ішкі істер бөлімінде шағын жедел басқару орталығы 2015 жылдың шілдесінде ашылған еді. Бүгінде орталықтың бейнекамералары орнатылған жерде құқық бұзушылық анағұрлым азайды дейді тәртіп сақшылары.

10 айда анықталған 880 құқық бұзушылықтың ішінде 686-сы жол жүру ережесін бұзуға қатысты. Бұған қоса ішімдік ішкен 47 адам анықталып, 111 адам темекі шеккені үшін жазаланды. Анықталған фактілер бойынша 4,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынып,  2,8 миллион теңгесі бюджетке өндірілді.