Оңтүстіктің-цирктің акробаттары Қытайдағы фестивальде жеңіске жетті

474
Цирк әртістері

Цирк әртістеріОңтүстіктің-цирктің акробаттары Қытайда өткен III акробатикалық фестивальде жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл фестивальге әлемнің бірнеше елінің цирк әртістері қатысты.

Оңтүстік-Цирктің 5 жылдық тарихында Олег Касаткиннің жетекшілігіндегі топтың да өзіндік еңбегі ерекше. Топ мүшелерінің барлығы – өңірімізден шыққан шәкірттер. Халықаралық байқауда әуеде қиын да күрделі трюктерімен көзге түсіп, акробатикалық қырларын барынша танытқан әртістер қазылар алқасы мен қытайлық көрерменді таң-тамаша қалдырды.

Қытайға сапар барысында»Оңтүстік-Цирктің» директоры Арман Алиев қытайлық әріптестерімен екі жақты меморандумға да қол қойды. Мұндағы мақсат – Оңтүстік цирк əртістерінің Қытайда өнер көрсетуіне ықпал ету.