Бүгіннен бастап ерте көктемде шырайлы Шымкентті түрлендіретін қызғалдақ гүлін егу жұмыстары басталды. ЛТД тұрмыс мекемесінің 30 жұмысшысы 10 күннің ішінде польшалық 4500 гүлдің тұқымын жерге отырғызуы тиіс.
Сала мамандарының айтуынша, бұл қызғалдақтар ерте көктемде 15 күн ғана қалалықтарды қуанышқа бөлейді. Мерзімі өтісімен оның тұқымы қазылып алынады және арнайы жерде сақталып, осы мезгілде қайта егіледі екен. Бүгін егіліп жатқан гүліміз дер кезінде ашылатынына сала мамандары сенімді.
Нұрлан Жаңабай