Úı Jańalyqtar Мемлекеттік қызметке тест тапсыру мекенжайы өзгерді

Мемлекеттік қызметке тест тапсыру мекенжайы өзгерді

Мемлекеттік тестілеу

Мемлекеттік тестілеуШымкентте мемлекеттік қызметке тест тапсыру мекенжайы өзгерді. Бұл туралы Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлайды.

«Б» корпусының мемлекеттік-әкімшілік лауазымдарына және құқық қорғау органдарындағы қызметке үміткерлерді, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестациялау үшін қажет жаңа тестілеу залы Шымкент қаласы, Әліби Жангелдин көшесі, №17 ғимаратқа ауысты. «Эврика» дүкенінің артында, бұрынғы Шымкент қалалық білім бөлімі мекемесінің ғимараты.

Ақпарат алу үшін департаменттің 8(7252) 53-70-89, тест орталығының 8(7172) 97-83-23 телефондарына хабарласуға болады.