Қазығұрт ауызсумен қамтуда өзге аудандармен салыстырғанда көш соңында қалған

1255
қазығұрттықтар енді судың бір кубометрі үшін 81 теңге төлейді

Қазығұрт елдімекендерді ауызсумен қамтуда өзге аудандармен салыстырғанда көш соңында қалған. Киелі мекенде газдандыру жұмыстары да баяу жүрігізілуде. Әлеуеті зор аграрлы мекен тіпті суармалы жерін де әжетке жарата алмай отыр. Қазығұрттағы қыруар мәселені қараша халық аудан әкімінің есетік жиынында жайып салды.

Лық толы залдан суырылып шыққан жұртшылық коммуналдық түйткілдерден бастап халықтың күнкөрісіне қолбайлау болып отырған жәйттерді әкім алдында тізбектеп шықты. Басқасын айтпағанда ауызсуға жарымай отырған халық тіршілік көзін өздері іздестіріп кеткенге ұқсайды.

Аграрлы өңірдің көкөніс, жеміс-жидек өсіруде әлеуеті зор. Алайда, қазығұрттықтар Тәңір сыйы – қара жерді де кәдеге жарата алмай отыр дейді кәсіпкерлер. Аудандағы 65 ауылдың небәрі 45 ғана сапалы сумен қамтылған. Бұл өзге аудандармен салыстырғанда тым төмен көрсеткіш екен. Ал көгілдір газға небәрі 28 елдімекен ғана қол жеткізіп отыр.

Дегенмен, ата кәсіпті қолға алған шаруалардың мал басын көбейтіп, осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламаларды еңсеріп отырған жайы бар. Несібесін жерден іздеген қазығұрттық дихандар да өзгеге үлгі. Өткен жылы атқарылған осындай қыруар жұмысты қорытқан аудан басшысы осы жылдың еншісіндегі елеулі жоспарымен де бөлісті. Айтуынша, туризмді түлету үшін алдымен «Кемелқалған – Ақбура»- ысмайыл ата – Өгем туристік маршруты белгіленіп алады. Бұл рете «Кемеқалған» монументі қайта жаңғыртылып, келушілерге қолайлы жағдай жасалады.