Облыста ауыл шаруашылығы кооперативі көбейіп келеді

498

Облыста ауыл шаруашылығы кооперативі көбейіп келеді. Астанадан арнайы келген министрлік өкілдері жергілікті шаруаларға бірігудің тиімді тұстарын түсіндірді. Ең бастысы – тауар өткізуде түйткілдер болмайды дейді мамандар.

Данияр Құлмаханов жылдар бойы мал шаруашылығымен айнасылысып келеді. Кәсіпкер былтыр өңірдің 5 ауданында ұсақ шаруалардың басын біріктірді. Нәтижесінде 20 шаруашылық бірігіп, бүгінде шаруасын дөңгелетіп отыр.

Қазір кооперативте мал басы 2500-ден асып жығылған. Төрағаның айтуынша, бірлескен шаруаларға мемлекеттік қолдауларға қол жеткізу де жеңілдей түседі.

Астанадан ат арылтып келген министрлік мамандары мен ғылыми ұйым өкілдері кооператив құру арқылы шаруашылықты жүргізуді де жеңілдете түсуге болады. Олар аудандарды аралап, кәсіпкерлерге еліміздің ауыл шарушылығы кооперативі туралы заңын түсіндіруде.

Айта кетейік былтыр күшіне енген құжат, тіпті, кепілдік мүлкіне дейін қамтып отыр. Жаңа өзгерістердің нәтижесінде шаруалар тіпті саз-балшықтан салынған үйлері мен техникасын кепілдікке қойып, несие ала алады.

Шарулар бірнеше бағдарлама арқылы мемлекеттік жеңілдіктерді пайдалана алады. Мәселен, сүт бағытын қолдауға арналған «Ырыс» бағдарламасы аясында 7 жылға 3 млн теңгеге дейін несие алуға болады. Бұл қаражатқа кәсіпкер мал сатып алып, кооперативке кіре алады. Ал «Береке» бағдарламасы 40 млн теңгеге дейінгі несиені 54 айға 6 пайызбен алуға мүмкіндік береді. Ал өнім өткізу біріккен шаруалар үшін оңтайлана түседі.

Күнгейде небәрі 1 айда 30-ға жуық ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Ет-сүт өнімдерін өндіруші қожалықтардың бірігуі ауыл-аймақтың әлеуетін арттыруға сеп болмақ. Оңтайлы жүйені ұтымды пайдаланудың нәтижесінде облыста кооператив саны 300-ге жуықтап келеді.