Облыстық сот 2016 жылды қорытындылады

357
Облыстық сот 2016 жылды қорытындылады

Осыдан бірер сағат бұрын облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов арнайы өткізген брифингте облыс судьяларының былтыр атқарған жұмысын қорытындылады.

Облыстық сот 2016 жылды қорытындылады

2016 жылдың 12 айында облыстағы қала-аудан соттарының қарауына 88022 азаматтық іс түскен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16 мыңнан астам іске артық. Судьялар болса, аталған сандар тек цифр емес, азаматтардың сот органдарына деген сенімі артқанын айқындайды деп біледі. 5102 қылмыстық іс қаралып, өндіріске алынған. 26 мың 171 әкімшілік іс те толық қаралған.