Олжас Сүлейменов – Шымкентте

11 ақпан күні Шымқалаға Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ат басын бұрды. Жастар ресурстық орталығында өткен кездесуге облыстың зиялы қауым өкілдері мен студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.

Залда отырған журналистер мен студенттер еліміздің белді тұлғасына сұрақтарын жаудырып, құлақтың құрышын қандыратын жауаптарын ұйып тыңдады. Олжас ақын шығармашылығымен бөлісіп, мәдениет саласында атқарылып жатқан игі істерді тілге тиек етті. Ал жастар жағы сексенді алқымдаған қарт ақынға денсаулық тілеп, арнауларын жеткізді. Жиын соңында облыс әкімі қоғам қайраткеріне құрметі көрсетіп, шапан кигізді.