Шардара су қоймасы шамамен 80 пайызға толған. Облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов өңірдегі су қоймаларының жағдайын және көктемгі су тасқыны болу қаупінің қай аумақтарда күрделі екенін облыс әкімдігінде арнайы өткен жиында мәлім етті.
Бұл мақсатта арнайы шаралар қабылданды дейді департамент жетекшісі. Арнайы зерттеулер мен алдын алу шараларының барысында анықталғандай, қазір Шардара су қоймасында 4 млрд 77 млн текше метр су жиналған. Егер қазіргідей тәулігіне 1500 текше метр көлемінде су жиналатын болса, қоймада қиындық туындауы ғажап емес. Сырдарияға құйылатын су көлемін арттыруды да қарастырып отырмыз дейді сала мамандары.