Виола Шымкентке оралды

232
Виола Шымкентке оралды

Кішкентай Виола Балан 21 ақпан күні таңертең Шымкентке оралды. Жүрегіне күрделі ота жасатқан бүлдіршін үш ай бойы Германиядағы клиникада ем алған.

Шымкентке Виола анасы және дәрігердің бақылауында жеткізілді. 8 сағат бойы ұшаұпен ұшып, 3 бірдей қала арқылы келген қызға оттегімен демалу мүмкіндігі жасалған. 8 ай бұрын отбасынан Астанаға, одан шетелге кеткен Яна мен қызы Виола біршама үзілістен соң емін қайта жалғастыруы тиіс.