№1 Қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері тағы бір маңызды медициналық жетістікке қол жеткізді. 26 жастағы науқасқа бүйректің туа біткен сирек патологиясына байланысты күрделі хирургиялық ем жасалды.
Тексеру барысында бүйрек аймағында қосымша қан тамыры зәрағар мен бүйрек тостағанша жүйесін қысып тұрғаны анықталды. Соның салдарынан несептің қалыпты ағуы бұзылып, бүйрек кеңейе бастаған. Бұл – медицинада сирек кездесетін әрі асқынуға алып келуі мүмкін күрделі жағдайлардың бірі.
Дәрігерлер консилиумының шешімімен операция жасау туралы шешім қабылданып, араласу барысында қысым түсіріп тұрған қосымша вена анықталып, несептің еркін ағуын қамтамасыз ету үшін реконструктивті хирургиялық түзету жүргізілді. Операция сәтті өтті.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында. Ең бастысы — бұрын мұндай күрделі операциялар тек Астана мен Алматы қалаларында немесе шетелде жасалатын.
Енді жоғары технологиялық медициналық көмекті Шымкент қаласында да алуға болады.
Бұл – өңір медицинасының дамуы мен дәрігерлердің кәсібилігінің айқын көрсеткіші.







