«Ұлы дала баласы»: Төреғали Төреәлі Шымкентте концерт қойды

8 наурыз күні қыз-келіншектер мейрамына орай Шымкенттегі «Түркістан» сарайында ине шаншыр жер болмады. Мұнда жиналған халық Төреғали Төреәлінің «Ұлы дала баласы» атты өнер кешіне келген.

Әнші осы концертімен ел қалаларын аралап жүргені белгілі. Шымқаладағы гастрольдік сапары халықаралық әйелдер күнінен орайласқандықтан, 1400 орынды сарайда бос орын болмады.

Бұл кеште әнші өз репертуарындағы танымал әндерін орындады. Елдің ыстық ықыласына бөленген Төреғали, әдеттегідей, гүл шоқтарының астында қалды. Айта кету керек, концерт билеттері мезгілінен ерте сатылып кеткен.