Аналарға ақ дастархан жайылды

393

8 наурыз күні аналар құрметке бөленді. Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері ауданда тұратын алтын құрсақты аналар мен тыл ардагерлері үшін ақ дастархан жайды. Қалалық өнерпаздардың күшімен концерттік бағдарлама ұсынылды. Жергілікті әкімдіктің бастамысымен өрбіген шараға облыстық мәслихаттың депутаты Әсет Қайыпбеков демеушілік жасап, мереке кейіпкерлеріне арнайы сый-тартулар тапсырылды.

Пәтиша Баймұратова, батыр ана: «Өте қуаныштымын, қуанышым қойныма сыймай отыр. Жастардың бізге деген құрмет-ілтипатын көріп, бір жасап қалдым. 11 баланың анасымын, 8 қызымды қияға қондырып, 4 ұлымның қызығын көріп отырмын. Аллаға шүкір, 59 немерем бар. Бақыттымын!»

Мерекелік іс-шарада кештің арнайы қонақтары – аналар қауымы би билеп, мейрамның мерейін асырды. Айта өтетін мәлімет, бүгінде Еңбекші ауданында 2300 тыл ардагері бар болса, оның 1500-і – әйел кісілер. Ал көпбалалы аналардың саны биыл 5000-ға жеткен.

Досалы Амангелдиев, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары: «Мерекеде ғана осылай құттықтап қоймаймыз, жәй күндері де нәзікжандылардың жағдайы жіті назарда. Көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты аналарға мемлекет тарапынан төленетін төлемдерін де түгендеп, бақылап отырамыз.»