Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар Оңтүстіктегі әскерилермен танысты

745
Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар Оңтүстіктегі әскерилермен танысты

Қазақстан әскері – еліміздің қауіпсіздігі мен қорғанысының кепілі. Мемлекетіміздің қорғанысын жетілдіру мен күш-қуатын арттыру бағытындағы кемшіліктерді анықтап, жетістігіне сүйсінбек болған сенат депутаттары Оңтүстікке келді.

Сенаттағы халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар облысымыздағы бірқатар әскери бөлімдерді аралап, «Жас ұлан» мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар Оңтүстіктегі әскерилермен танысты

Ұлттық ұланның Шымкенттегі 6506 әскери бөліміне келген депутаттарға жаңа қару-жарақ түрлері көрсетіліп, жауынгерлердің арнайы киім үлгілері таныстырылды. Әскери бөлім базасындағы автокөліктер де сенаторлар назарынан тыс қалған жоқ. Астаналық меймандар, сондай-ақ, «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубы мүшелерінің жауынгерлік әдіс тәсілдерін тамашалады.

Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар Оңтүстіктегі әскерилермен танысты

Бүгінге дейін клубта 100-ге жуық жеткіншек тәрбиеленген. Әскери өнерге баулып, болашақ арнайы жасақ жауынгерлеріне жол ашатын клубқа қазір 40 бала мүше. Олардың арасында бүлдіршіндер де бар.

Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар Оңтүстіктегі әскерилермен танысты

Оңтүстік жауынгерлерінің жағдайымен танысқан депутаттардың негізгі мақсаты – еліміздің әскери саласындағы проблемалардың көзін ашу. Ондағы түйткілдерді тереңінен түсініп, соны шешуге ықпал ету.

Икрам Адырбеков, парламент сенатының депутаты: «Қазіргі көтеріп жатқан мәселелер әскерилердің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайына байланысты. Мысалға айтсақ, солардың үйіне, болмаса оның алатын жалақысына, басқа да бір әлеуметтік қосымша төлемдеріне байланысты. Міне, осының бәрін тиісті органдарға үкімет алдында көтереміз деген ойдамыз. Бірақ, мұны да әлі терең зерттеуіміз керек.»

Әскери бөлімде 1995 жылы тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған ескерткіш бар. Депутаттар осы жаужүрек 17 сырбаздың ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.

Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар Оңтүстіктегі әскерилермен танысты

Сенаторлардың келесі сапары Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінде жалғасты. Халық қалаулылары мұнда ағылшын тілі сыныбының жұмысын көрді. Ағылшын тілін үйрету кабинеті сенатор Дариға Назарбаеваның тікелей қолдауымен ашылған. Мектеп бағдарламасында ағылшын тілін оқытуға 136 сағат бөлінген. Осылайша жас ұландар аптасына 4 рет ағылшын тілін оқиды.

Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар Оңтүстіктегі әскерилермен танысты

Депутаттар мектептегі химия кабинетінде болып, ондағы түрлі химиялық реакциялардың орындалуын бақылады. Оқушылардың өздері жасаған түрлі құрылғыларды іс жүзінде сынады. №1 казарманы да аралады. Мектеп ғимараты сонау 1953 жылы пайдалануға берілген. Ескірген ғимараттан көшу үшін биыл «Жас ұлан» мектебінің жаңа оқу кешенінің құрылысы басталады. Бұл үшін «Шымкент Сити» аумағынан 7 гектар жер де бөлінген.

Жәнібек Нұрыш