Шымкентте «Достық» клубы ашылды

Шымкентте

Бір өңірде бейбіт өмір сүріп жатқан түрлі ұлттар достығын келер ұрпаққа табыстау. Бұл – 2 наурыз күні ашылған «Достық» клубы мүшелерінің мақсаты. Манап Өтебаев атындағы колледжде ұйымдастырылған клуб өңіріміздегі екіншісі саналады.

Бұл – халықтар ассамблеясының бастамасы. Салтанатты ашылу рәсіміне ассамблея құрамындағы ұлт өкілдері түгел қатысты. Ал колледж студенттері өздерінің ұлттық өнерлерін ортаға салды. Мұндағы әрбір ұлт азаматы өз өнерлері мен әдет-ғұрпын сақтап қалу өздеріне парыз санайды. Сондай-ақ, бас сауғалап келген ата-бабаларын бауырына басқан қонақжай қазаққа дән риза.

Латипша Асанов, түрік мәдени орталығының басшысы: «Сонау 30-жылдары Қазақстанға 6 млн халық келген. Қазақтар да зұлымдық көргеніне қарамай, оларға үй берді. Соны бүгінгі жастарымыз ұмытпаулары тиіс. Клуб дәл осы мақсатпен ұйымдастырылып отыр.»