Түркістан облысында Алғыс күні ауқымды шаралармен атап өтілді

364
Түркістанда "Алғыс күні" мерекесі өтіп жатыр

Қазақ халқының дархан көңілін, ақжарма ниетін, төзімділігі мен тектілігін күнгейде тату тәтті өмір сүріп жатқан 100 – ден астам этнос өкілдері жақсы біледі. Әсіресе саяси депортация қасіретін бастан кешкен шешен, неміс, поляк, түрлі ұлт өкілдері қиын қыстау жылдары пана болған, қолдау көрсеткен қазақ халқына алғысы шексіз.

Түркістанның орталығы кесененің жанындағы Арбат пен Есімхан алаңы Достық мекеніне айналды. Құндылықтарымызды паш еткен қол өнер фестивалі де өтіп, шеберлердің қолдарынан шыққан туындылар көпшілікті тәнті етті.

Дадахан Жалелов 

Дадахан Жәлелов, Түркістан қаласының тұрғыны: «Әкем қоныс аударған отбасы жайлы айтып отыратын. Қиын кезеңде қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір үзім нанын бөлісіп,  бірге тұрды. Мұны ұмыту мүмкін емес. Қазақтың даласы сияқты халқының пейілі де кең, қонақжай. Қазақ халқына алғысымыз шексіз».

Халқымыздың салт дәстүрін, қол өнерін кейінгі толқын жалғастыратынына күмән жоқ.Қазақ даласының байлығынан жасалған әрбір бұйымның өзінің құпия сыры бар.

Абылайхан Рысбаев,, жеке кәсіпкер

Абылайхан Рысбаев, шебер: «Сына сыбызғы Отырар жеріндегі топырақтан жасалған. Осындай  аспаптың  керемет  дыбысын естіген  ұлы композитор Нұрғиса Тілендиев оркестрдің атауын «Отырар» деп қойыпты. Әр ұлттың өзінің қолөнері бар, бізде міне сазды балшықтан құмыра, түрлі бұйымдар жасап халыққа ұсынудамыз».

Биыл жаңа сипаттта, жаңа мазмұнда өткен Алғыс күні халықтың ауызбіршілігін, болашаққа деген сенімін, бір- біріне деген қолдауын кезекті рет айқындап берді.

Шынар Оразова