Шымкентте «Форте-Банктің» клиенттері үшін жаңа кеңсе ашылды. Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкенттің басшысы Ғабидолла Әбдірахымов және «Форте-Банк» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов қатысты. Кездесуде облыс және қаржы институтының басшылары Оңтүстіктің экономикасының одан әрі дамуына сеп болатын өзара әріптестік меморандумына қол қойды.
«Форте-Банк» — қазіргі таңда Қазақстандағы банктердің алғашқы ондығына кіретін, ең ірі әрі тұрақты қаржы институттарының бірі. Бүгінде мұндай сенімді несие ұйымдары аса қажет және өз клиенттерін Оңтүстіктен де таба алады дейді өңір басшысы Жансейіт Түймебаев.
Жансейіт Түймебаев, ОҚО әкімі: «Еліміздегі қаржы институттарының ішінде «ForteBank» АҚ-ның алар орны ерекше. Сондықтан Оңтүстік кәсіпкерлерімен өзара бірлескен жобалар жасауға, облыстағы өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес саласына несиелік жәрдем жасауға септігі тиеді деген сенімдемін.»
Бұл жаңа кеңседе жоғары білікті 220 қызметкер жұмыс жасайды. Мұнда заңды және жеке тұлғаларға арналған банк қызметінің барлық түрі көрсетіледі. Шымкентте жаңа филиалдың ашылуы банк қызметкерлері үшін де маңызды сәт болып отыр.
Кездесу барысында облыс және «Форте-Банк» акционерлік қоғамының басшылары әріптестік меморандумына қол қойды. Енді банк Оңтүстік Қазақстандағы экономикалық жобалардың ірі инвесторларының бірі атанады. Бұған қоса бұл несие ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының операторларының бірі және 2016 жылдың өзінде Оңтүстіктегі құны миллиард теңгеден асатын жобаларға қаржы бөлді. Ал бүгін өзге де жерлестерімізді қолдауға мұндағы мамандар әзір.
Жаңа кеңсенің ашылуына орай банк мамандары клиенттерге көптеген қызмет көрсетуге әзір. Алдағы үш айда осы банктен карта есеп-шотын ашсаңыз, абоненттік төлемсіз қызмет көрсетіледі. Ал «Форте-Банктен» кепілсіз несие алғандар 1 млн теңгеге дейін сыйлай алады. Бұған қоса өзге де тартымды қызметтер мен сыйлықтар қарастырылған.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 15 А. Тел: +7 (7252) 99-70-80