Шымкенттегі 22 наурыз күнгі мерекелік бағдарлама

492
Әдеттегідей қаламызда Әл-Фараби алыңда әз Наурыз арқа-жарқа тойланды. Көпішілктің мерекелік көңіл күйі тойдың сәнін кіргізіп, мәртебесін көтеруде.

Шымкентте 22 наурыз күні болатын мерекелік бағдарламамен таныс болыңыздар. Қалалық атшабарда сағат таңғы 10:30-дан түскі 13:30-ға дейін ұлттық ат спорты ойындары өтеді.

Ал Наурыз алаңында сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты жас ақындар айтысы;

Осы уақытта эстрада-симфониялық оркестрдің концерттік бағдарламасы;

Сағат 13:00-ден 13:40-қа дейін «Наурыз-думан» театрландырылған вокальды-хореографиялық композиция;

Түскі 15:00ге дейін Қазақ эстарадасы жұлдыздарының концерттік бағдарламасы болады.

Ал Абай, Жеңіс, Әл-Фараби алаңдарында сағат 11-ден бастап 3-ке дейін жаппай серуендеу, көңіл көтеру аттракциондары, концерттік бағдарламалар өтеді. Әл Фараби алаңында кешкі 19:00-ден 21:00-ге дейін Қазақстан эстарадасы жұлдыздарының гала-концерті болады.