Облыстық ата-аналар форумы өтті

1200
Облыстық ата-аналар форумы өтті

Шымкенттегі жастар ресурстық орталығында «Отбасы – бақыт мекені» облыстық ата-аналар форумы өтті. Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған іс-шараға қатысқан ата-аналар, тәрбие әдіскерлері мен сынып жетекшілері бұл тақырыптың өзектілігін атап көрсетті. Олар жаһандық даму үдерісіне негізделген өркениетті қоғамда ұлттық құндылықтардан алыстап, өкінішке қарай, бала тәрбиесін біршама босаңдатып алдық дейді.

Облыстық ата-аналар форумы өтті

Соның салдарынан қазіргі жастар тәрбиесінде қазақы тәрбие мен ұлттық мінздің орнына батысқа еліктеген бет-алды еркіндік, ұсақтық пен қатігездік, салғырттық пайда болды. Осы келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында форумға жиналғандар ата-аналарға үндеу қабылдады. Оның мәні – әке мен ананың жауапкершілігін күшейту.