7 және 9 мамыр күндеріне арналған мерекелік бағдарлама

994
Жеңіс күні

Алдағы күндері Шымкенттіктерді 4 күн демалыс күтіп тұр. Отандастарымыз 6, 7, 8 және 9 мамыр күндері, яғни, сенбіден бастап сейсенбіге дейін демалады. Осыған орай Шымкент қалалық мәдениет бөлімі мереке күндердің бағдарламасын ұсынып отыр.

Сонымен, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде Орталық саябақта сағат 11:00-де салтанатты жиын өтеді. Астанадағы әскери шеруден тікелей көрсетілім тамашалаймыз. Ал қаланың өзге саябақтарында жаппай серуендеуге болады.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай сағат 09:00-де Қажымұқан атындағы орталық стадион алдында «Қаһарман ұлт» – «Бессмертный полк» шеруі басталады. Сағат 10:00-ден кейін Абай саябағындағы Даңқ мемориялында мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, Ұлы Отан соғысында опат болған жауынгерлерді еске алу митингі өтеді.

Одан кейін ардагерлер әскери-дала асханасынан дәм татады. Ал кешкі сағат 21:30-да мерекелік отшашу болады.