Шымкенттегі Ахмет Байтұрсынов көшесінде жақын күндері көліктер біржақты қатынауы мүмкін. Сала мамандарының айтуынша, көшеде ұзындығы 6 шақырымды құрайтын, көлемі 400 милиметр жылу құбырын 500-дік құбырға алмастыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Мердігер «Сити строй» серіктестігі құрылысты қыркүйек айына дейін аяқтауы тиіс. Бұл жұмыстарға қала қоржынынан 464 млн теңге бөлінген.
Нұрлан Күдерұлы