Оңтүстіктен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға көмек жіберілді

320
Оңтүстіктен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға көмек жіберілді

Бүгін Шымкенттен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тұрғындарға гуманитарлық жүк тиелген көліктер жіберілді.

Оңтүстіктен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға көмек жіберілді

Еске салайық, биылғы сәуір айында Қазақстанның 7 өңірінде, яғни, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 52 елдімекен көктемгі су тасқынынан зардап шеккен болатын. Соның салдарынан екі мыңға жуық үй су астында қалып, 120 тас жолды су шайып кеткен.

Оңтүстіктен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға көмек жіберілді

Осыған орай еліміздегі барлық өңірлерде көмек көрсету орындары ашылып, бұқара жұрт жұмыла бірігіп, демеу болуда. ОҚО жастары да осы маңызды миссияны қолға алып, облыс тұрғындарына үндеу жариялады. Осының негізінде арнайы штаб ашылып, аз уақыт ішінде қол ұшын берген азаматтардан қажетті заттар мен  қаражат қабылданды. Облыстық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Бізбен бірге» еріктілер мектебіндегі арнайы штабқа 200-ге жуық азаматтан заттай және қаржылай гуманитарлық көмек қабылданды.

Оңтүстіктен су тасқынынан зардап шеккен облыстарға көмек жіберілді

Бүгін жаны жомарт жандардан құны 15 млн теңге болатын азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар мен көрпе төсек және 200 кілем тиелген жүк көлігі жолға шықты. Игі іске, сондай-ақ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері де өз үлестерін қосты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото – Самат Мырзалиев