Шымкентте «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

411
Шымкентте

Шымкентте «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Орталық саябақта өткен іс-шараға «Параграф» ақпараттық жүйесінің өкілдері, облыстық және қалалық әкімдіктің, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, адвокаттар мен заңгерлер қатысты. Облыстық прокуратураның бастамасымен ұйымдастырылған шараға келіп, құқықтық кеңес алушылардың қатары көп болды.

Шымкентте "Халық заңгері" әлеуметтік акциясы өтті

Халқы тығыз орналасқан Оңтүстіктің тұрғындары арыз-шағымдарды рәсімдеуде көп қателіктерге жол береді дейді прокурорлар. Күйкі тірліктің күйбеңімен уақыт тапшы кезеңде сауатты құқықтық кеңес алудың өзі үлкен көмек дейді келушілер. Сондықтан, барлық жауапты мамандарды бір жерде бір мезгілде тапқанына қуанады.

Шымкентте "Халық заңгері" әлеуметтік акциясы өтті

Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы қолға алған «Тиімді шағымдар қоғамы» жобасы осынау «Халық заңгері» акциясына ұйытқы болып отыр. Халқы тығыз орналасқан Оңтүстіктің тұрғындары арыз-шағымдарды рәсімдеуде көп қателіктерге жол береді дейді прокурорлар.

Күйкі тірліктің күйбеңімен уақыт тапшы кезеңде сауатты құқықтық кеңес алудың өзі үлкен көмек дейді келушілер. Олар барлық жауапты мамандарды бір жерде бір мезгіде тапқанына қуанады.

Шымкентте "Халық заңгері" әлеуметтік акциясы өтті

«Халық заңгері» әлеуметтік акциясына келушілердің қатары аз болған жоқ. Сұрақтардың басым бөлігі жер және тұрғын үй мәселесі мен жеке кәсіпкерлікке байланысты болды дейді құзырлы орган өкілдері. «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы әлі де жалғасын табады дейді жауаптылар.

Жанар Есенбекова