Шымкентте тегін нан таратылды

350
Тегін нан

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен республика бойынша алғаш рет өңірдегі жеке кәсіпкерлердің қолдауымен «Малика» фирмасы жергілікті тұрғындарға тегін нан тарату акциясын бастады. Бұл игілікті бастаманы Қаратау ауданына қарасты Сайрам елдімекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Орынбай Урайымжанов қолға алып отыр.

Тегін нан

Өз сөзінде іскер азамат өңірде кәсібін өркендетіп отырған әріптестерін Елбасының Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмаларға үн қосуға шықырды.

Тегін нан

Айта кетерлік жайт, аталмыш фирма күн сайын жергілікті аз қамтылатын отбасыларға 200 бөлке нан таратады. Бүгінде Қаратау ауданында жалпы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1636 адам болса, оның ішінде 36 отбасы кедейлік шегінен төмен тұратындар.

Тегін нан

Қуантарлығы сол, бұл қайрымдылық акциясы алдағы уақытта қаламыздың бірнеше аудандарында жалғасын таппақ. Мақсат Елбасының Қазақстан халқына жолдауында айтылған кәсіпкерлердің ел игілігі үшін еңбек етуін, бұқара халыққа пайдасын тигізуін жұртшылықа жеткізу.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі