Шымкенттің жасыл аймағының өз тұқымбағы болады

617
Шымкенттің жасыл аймағының өз тұқымбағы болады

Шымкенттегі жасыл аймақтың аумағы 5 мың 64 гектарға жетті. Бұл туралы «Отырар» телеарнасының тілшілеріне жауапты мамандар хабарлады. Биылдан бастап бұл аймақта өз тұқымбағын егу жұмыстары қолға алыныпты.

Шымкенттің жасыл аймағының өз тұқымбағы болады

«Жасыл аймақ» мекемесінің жұмысшылары тұқымбаққа егілген қарағаштың ұрықтарын қала аумағындағы ағаштардан жинап жатыр. Жалпы, тұқымбақтың аумағы 25 гектарды құраса, биыл соның 8 гектарына жиде, терек және сүмбіл талдардың қаламшалары егіліпті.

Думан Исқақов – «Жасыл аймақ» мекемесінің шебері. Маманның биылғы арманы – өз қолымен егілген түрлі ағаштардың ұрығын көгерту. Мұнда ұрықтан бөлек сәнді ағаштардың қаламшалары да отырғызылыпты. Бүгінде 15 жұмысшы қарағаш талының ұрықтарын қала аумағынан жинастырып жүр.

Шымкенттің жасыл аймағының өз тұқымбағы болады

Шымкент қаласының аумағындағы жасыл аймаққа алғашқы көшет 2009 жылдың 17 қазанында отырғызылған еді. Бүгінде мұндағы көшетің саны 4 млн данадан асты. Ендігі міндет – сол желкілдеп тұрған ағаштарды аман алып қалу. Ол үшін «Жасыл аймақ» мекемесінде барлық жағдай жасалған.

Жасыл аймақтағы тұқымбақтың көлемі 25 гектарға жеткізілсе, ол өз алқабындағы қураған ағаштарды толықтыруға толық мүмкіндік алады. Енді сала мамандары биыл 8 гектар жерді игермек.

Нұрлан Күдерұлы