Азық-түліктің құрамын тексеретін зертхана Шымкентте де бар

630
Азық-түліктің құрамын тексеретін зертхана Шымкентте де бар

Күнделікті тұтынатын тағамыңыздың құрамын тексергіңіз келе ме? Оны енді Шымкенттегі зертханадан да анықтауға болады. Ұлттық сараптама орталығынжа жаңа зертхана ашылып отыр. Енді оның қызметі мыңдаған отандасымыздың денсаулығын қорғауда көмектесуі мүмкін.

Генді инженерия алқапты өнімнің көлемін көбейтіп, көптеген жемістің дәмін кіргізгені рас. Дегенмен, зиянды жағы да бар. Яғни, тұтынушының денсаулығына залал келтіреді. Мысалы, 2004 жылдан бері қолданыста бар халықаралық келісімдерге сай, тағамдағы гендік тұрғыдан өзгертілген ағза мөлшері 9,9 пайыздан аспауы тиіс. Одан асып кетсе, денсаулыққа орны толмас зиян келтіруі мүмкін. Осыған орай енді азық-түліктің сапасынан күдіктенгендер оның құрамын зертханалардан тексере алады.

Азық-түліктің құрамын тексеретін зертхана Шымкентте де бар

Меруерт Серікбаева, ОҚО тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім жетекшісі: «Бүгінгі таңға дейін біз 52 сараптама жасадық. Ондағы тағамнан зиянды бөліктер анықталған жоқ. Бізге келгендер көбінесе құрғақ сүт, соя, жүгері өнімдері секілді азық-түлікті тексеруге береді.»

Ұлттық сараптама орталығындағы жаңа зертханалық құрылғылардың көмегімен азық-түліктің ішіндегі гендік тұрғыдан өзгертілген ағза мөлшерін ғана емес, қағазда көрсетілмеген өзге де қосымшаларды анықтауға болады. Мысалы, шұжықтағы жылқы немесе шошқа етінің бар-жоғын біле аласыз. Гендік тұрғыдан өзгертілген ағза мөлшері мұнда ДНК дәрежесінде анықталады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаушы мамандардың айтуынша, бұл орталықтағы зертхананың қызметінің қажеттілігі ауыл шаруашылығы дамыған біздің өңірімізде таяуда арта түседі. Яғни, дастарханымызға күнделікті қойылатын азық-түліктің қауіпсіздігін арттыруда көмектеспек.