Бүгін Шымкентте 1000-ға тарта түлек ҰБТ тапсырды

377
Оңтүстікте 20 маусым күні 4278 түлек ҰБТ тапсырды

Шымкент қаласы бойынша ҰБТ-ның 20-21.06.2017 жылғы қорытындысы мынадай: мемлекеттік сынаққа қатысатын түлектердің жалпы саны- 5059 болса, әзірге қатысқаны -1308, орта балл- 81,6.

Екі күннің нәтижесі бойынша жоғары балды № 47 мектептің оқушысы Жолдасбекова Айгерім (136 балл) мен Д.Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейінің түлегі Жанида Асқарбекқызы жинады (133 балл). Ал Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, бүгін Шымкентте 974 оқушы мемлекеттік сынаққа қатысып, тест тапсырды.