Бадам өзеніндегі көпір жөндеуден кейін қайта ашылды

448
Шымкентте Бадам өзеніндегі көпір жөндеуден кейін қайта ашылды

Шымкентте Бадам өзеніндегі көпір жөндеуден кейін қайта ашылды. Еске салайық, көпір қайта жөндеу үшін 25 мамыр күні жабылған еді.

Бадам өзені арқылы өтетін, мал базары маңындағы өткен өткен ғасырдың 60-жылдары салынған. Оның жөндеуге дейінгі жағдайы жүргізушілер мен Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мамандарын біраз алаңдатқан болатын.

Айта кетейік, бұл көпір тек екі шағынауданды ғана жалғастырып жатқан жоқ, республикалық тасжолдың бір бөлігі саналады.

Жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын мамандар көпірді мұқият тексеріп шықты. О баста жөндеу жұмыстары 10 маусымға дейін созылады деп жоспарланған болатын, дегенмен, құрылысшылар жұмысты көпке созбай, 10 күнде аяқтап отыр. Көпірдің жол жабыны толық жаңартылды, ал тіреулері әлі де жарамды.

Көпірдің ұзындығы – 200 метр. Ені – 11 метр, оның ішінде жүру бөлігі – 9 метр.