Шымкенттің дамуын шаһар басшысы өз бақылауына алады

290

Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуын шаһар басшысы өз бақылауына алады. Таяуда қалалық әкімдікте кеңейтілген мәжіліс өткен болатын. Сонда қаладағы 4 аудан әкімдерінің атқарған жұмыстары жайында есебін тыңдағын Ғабидолла Әбдірахымов шаһардағы өзекті деген мәселелердің шешілу жолдарын қарастырды. Аудан әкімдеріне жұмыстарын ширату жөнінде тапсырма беріп, қала халқына берген уәделерді орындау қажеттіен тағы бір пысықтады.

Мінбеге көтерілген төрт аудан әкім шұғыл тұрде орындалуды қажет мәселелерін ортаға салды. Мысалы, Абай ауданы бойынша Ақтасқа көгілдір отын, Тұрланға электр жарығын жеткізу қажет. Ал Жаңатұрлан елдімекеніне су құбырын тарту өзекті болып тұр.

Ал қаланың орталығы Әл Фараби ауданының әкімі ескі қалашық пен Қошқар ата өзенінің жағалауында қыруар жұмыс атқаруы тиіс. Шаһар басшысы киелі Қошқар ата өзеніне бір тамшы да шайынды су түспеуі тиіс деген тапсырма берді. Және ескі қалашық маңындағы саудагерлерді өзге жерге жуық арада ауыстыруды тағы бір рет еске салды.

Еңбекші ауданының әкімдігі Шымкент қаласының құрамына кірген Сайрам елдімекеніндегі проблемаларды шешуі тиіс. Олардың ең өзектілері – жол бойындағы заңсыз сауда мен Сайрамсуға құйылып жатқан кәріз суы.

Осылайша шаһар басшысы төрт ауданның әкімдеріне міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды тапсырлы. Бұған қоса халыққа берген уәдені де орындаулары тиіс.

Нұрлан Күдерұлы