Мемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауында әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Қазіргі заман талаптарына сәйкес елдің тұрақты әрі өркендеуі оның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті соңғы жылдарда бірнеше рет халық пен елдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды жолдауларын жариялап, онда ерекше назар әлеуметтік-экономикалық мәселелерге аударылуда.
Мемлекет басшысының жолдауында айтылғандай, экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін кәсіпкерлікті қолдау, инновациялық технологияларды енгізу және инвестициялық климатты жақсарту – негізгі басым бағыттар болып табылады. Бұл шаралар арқылы жұмыс орындарын көбейту, халықтың табысын арттыру және әлеуметтік теңсіздікті қысқарту көзделуде.
Сонымен бірге, әлеуметтік салаға бөлінетін қаржыны ұлғайту – халықтың өмір сүру деңгейін жақсартудың маңызды шарты. Денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларына жұмсалатын қаражаттың көлемін арттыру арқылы азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету көзделуде. Бұл өз кезегінде қоғамда тұрақтылық пен бірлікті нығайтады.
Жолдауда сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру, агроөнеркәсіп кешенін модернизациялау – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, экономиканың толыққанды дамуына ықпал етеді.
Осылайша, мемлекет басшысының жолдауында әлеуметтік-экономикалық дамуға ерекше көңіл бөлінген. Бұл – елдің тұрақты өсімін қамтамасыз етіп, әр азаматтың өмір сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық қадамдар. Болашақта да әлеуметтік-экономикалық саланы дамытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстан өзінің даму жолында бірқалыпты әрі тұрақты қадамдар жасайтыны айқын.
Осыған орай, бүгінде шалғай шетте жатқан ауыл, аудандарда да президент тапсырмасына сәйкес ауқымды шаруалар атқарылуда. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, дербес бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты. 2025 жылға 10 айдың күтімімен негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы мәселесі қаралды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Одан бөлек, Мансап орталығының атқарған жұмыстары, аусыл ауруына қарсы күрес жұмыстары және қаңғыбас ит-мысықтарды аулау, аудандағы күзгі көшет отырғызу жұмыстары бойынша атқарылған шаруалар қаралды. Сонымен қатар, алда тұрған жұмыстар мен міндеттерді талқылады. Президент жол сілтеген бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар нәтижелі орындалуда. Аудан биылғы ауыл шаруашылық түсімі бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Күн тәртібінде 2025 жылға арналған негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы мәселесі қаралды. Сонымен қатар, Мансап орталығының атқарған жұмыстары мен жетістіктері талқыланып, тұрғындардың кәсіби біліктілігін арттыру бағытында жүргізілген іс-шаралар баяндалды. Аусыл ауруларына қарсы күрес жұмыстарында ауданның санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған шаралар туралы есеп берілді. Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және олардан таралытн аурулардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да кеңінен талқыланды.
Сонымен бірге, аудан көлемінде күзгі көшет отырғызу жұмыстарының барысы мен алдағы жоспары қаралды. Табиғатты қорғау және жергілікті экологияны сақтау мақсатында жасалып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді. Мәжіліс барысында Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев алда тұрған міндеттерді орындауда бірлесе жұмыс істеуге шақырып, барлық қатысушыларға табыс пен табандылық тіледі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағытында атқарылатын жұмыстардың барысы басты назарда болатындығы атап өтілді.
Жиын нәтижесінде бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, алдағы күндері атқарылатын жұмыстардың жоспары бекітілді. Бақыт Қырғызалиев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар беріп, жауапты тұлғаларға нақты мерзім белгіленді. Мәжіліс соңында Бақыт Қырғызалиев берілген тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуын басты назарда ұстауды тапсырды.







