Шымкенттік шәкірт ҰБТ-да 136 балл жинады

1032
Шымкенттік шәкірт ҰБТ-да 136 балл жинады

Шымкент қаласы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы нәтижелері белгілі болды. Дәлірегі – маусым айының 20-жұлдызында тапсырылған мемлекеттік сынақтың бірінші күнінің қорытындысы мынадай:

Қатысқан талапкерлер саны – 971, орта балл – 78,5. Ал жоғары ұпайды Шымкенттегі №47 мектептің түлегі Әйгерім Жолдасбекова жинады. Жас түлек 136 балды еншілеп отыр!

Шымкенттік шәкірт ҰБТ-да 136 балл жинады

 

Ал бүгін, яғни, 21 маусымда 339 оқушы ҰБТ тапсырды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғимаратына түлектер 45 минутта кіргізілді. Ал нысанның айналасына арнайы орындықтар койылып, шатыр тігілді.

Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, қаламыздағы мектептерден айтулы мемлекеттік сынаққа қатысуға өтініш білдірген оқушылар саны – 5059. Қазақ тілінде – 4072, орыс тілінде – 987.

Айта кетейік, Шымкентте тестілеу 3 пункте өтеді. Олар:
1. М.Әуезов атындағы  ОҚМУ – 1 457 оқушы (26 мектеп).
2. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы – 1 383 оқушы (30 мектеп).
3. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – 2 219 оқушы (57 мектеп).

ҰБТ 5 пәннен өткізіледі (3 міндетті, 2 таңдау пәндері).
Тестілеу уақыты – 3 сағат 50 минут. Жалпы тапсырма саны – 120, максималды балл саны – 140.