«Я сам» орталығы церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдейді

1001

Сал ауруынан сауығуға болады. Шымкентте «Я сам» медициналық орталығы церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдеп, жаңа өмір сыйлауда.

Қазір мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған елуге жуық бала ем қабылдап, денсаулығын сауықтырып жүр. Орталық мамандары балғындардың сауығып, қатарластарынан кем түспеуі үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз дейді.

"Я сам" орталығы церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдейді

Соңғы жылдары церебральді сал диагнозы қойылған балалардың саны артқан. Мұндай дерт кезінде баланы жастайын емдеп, оңалту жұмыстарын мықтап қолға алса, мүгедектіктен арылуға да болады. Шымкенттегі «Я сам» медициналық орталығы сал ауруына шалдыққан осындай балғындарды емдеп, өмірге деген құштарлықтарын арттыруда. Орталықта, әсіресе, тірек-қимылы бұзылған балаларды оңалту үшін массаж жасау жұмыстары жоғары дәрежеде жүргізіледі.

"Я сам" орталығы церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдейді

Массаж жұмыстарынан бөлек мұнда сал балалардың толыққанды емделуі үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, мына физиотерапия кабинетінде науқас балалардың ағзасына қажетті дәрі-дәрмек электрофорез аппараты арқылы беріледі. Бұл әдіс баланың сүйегін қатайтып, қанайналым жүйесін жақсартады. Ал логопед кабинетінде тіл мүкістігі бар балалардың сөйлеу қабілетін жақсарту үшін түрлі емдер жасалады. Айта кетейік, орталық басшылығы түрлі мерекелерді де ұмыт қалдырмайды. Балғындар мен олардың ата-аналарын шақырып, үнемі мерекелік іс-шара ұйымдастырып береді.

"Я сам" орталығы церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды емдейді

Сондай-ақ, медициналық орталықта балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да жағдай жасалған. Мысалы, егде жастағы кісілер үшін де сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе инсульт, инфаркт сынды аурудан кейін қажет ететін ем-домды көрсетуге әзір. Бұл үшін клиникада білікті мамандар жұмыс істейді. Емнің оң нәтижесіне көз жеткізген ересектер мұндағы жоғары сападағы қызметке көңілдері толатындарын айтады.

«Я сам» клиникалық орталағы физиотерапия, гиппаттерапия, педиатр, логопед жаттығулары және массаж сынды жиырмадан аса медициналық қызмет түрін ұсынады. Клиникадағы қызметтің бағасы да кез келген адам үшін қолжетімді. Орталықтағы білікті мамандар аптаның демалыс күндеріне қарамастан қабылдауға әзір.

Айта кетейік, «Я сам» клиникалық орталығы таңғы сағат 8:30-дан бастап кешкі сағат сегізге дейін жұмыс істейді. Медициналық орталықтың қызметіне жүгіну үшін 56-81-83, 8-701-505-01-16 телефон нөмірлеріне хабарласып, алдын ала жазылуға болады. Орталық Шымкенттегі Жангелдин көшесінің бойында, Наполеон кафесінің қасында орналасқан.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі, нөмірсіз үй. Тел: 56-81-83, 8-701-505-01-16

0110557DX мемлекеттік лицензиясын Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы берген