Ескертуді елемеген массаж салоны айыппұл төлейтін болды

191

2020 жылдың 18 желтоқсанында шамамен сағат 01:45-те Шымкен қаласы ПД Еңбекші АПБ ЖПҚБ-нің учаскелік полиция қызметкерлері заңсыздықтардың жолын кесу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізу кезінде адам өміріне қауіп төндірген індет жайлы күн сайын ескерту жасалып жатса да, қауіпсіздік шараларын елемейтін Перова көшесінің бойындағы «Cheery Body» массаж салоны жұмыс істеп тұрғанын анықтады.

Аталған қызмет көрсету мекеменің әкімшілігі карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша жинақталған іс-құжаттар Шымкент қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды.

Айта кететін жайт, тексеру барысында аталған мекеме бұдан алдын карантин талаптарын бірнеше рет бұзғаны туралы белгілі болды.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі